Мәйіті орманнан табылған 13 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Мәйіті орманнан табылған 13 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
126
оқылды

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып, кейін орманнан өлі денесі табылған 13 жастағы Әйгерім Хайдарованың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

20 тамызда Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр елді мекеніндегі Нұрлы көш кентінде 2007 жылғы Әйгерім Хайдарова үйінен шығып қайтып оралмаған болатын. Артынша 28 тамызда жасөсіпірімнің өлі денесі табылып, одан зорлықпен өлтіру белгісі анықталды. Осыған байланысты полция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «Зорлау» бойынша қосымша іс қозғалды. Істі тергеу барысында 10-нан астам сот сараптамасы жасалып, 100 адам түсініктеме алынды. Зардап шеккен мен күдіктің жүрген жолдары бойынша орналасқан сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбалар, сондай-ақ, ұялы телефондары зерттелді. Жедел-тергеу шаралары барысында күдікті анықталып, оның осы қылмысқа қатысы барын және кінәсін дәлелдейтін анықтайтын айғақтар табылды.

«Қылмыстық іс материалдарымен зардап шегуші жақ өкілдері және күдіктінің анасы қорғаушысымен бірге танысты. Олар құқық қорғау органдары тергеу шаралары кезінде тапқан айғақтарға қарсы болған жоқ және күдіктінің өліміне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қабылданған процессуалдық шешімге келісті», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін шаштаразға кетіп, кейіннен мәйіті табылған қыз туралы жазған болатынбыз.