Жазушы Джеймс Чепмен әлемдегі ең үздік оқылымды кітаптардың рейтингісін түзді.
Ол соңғы 50 жылда басылып, сатылған кітаптардың санына қарай зерттеді. Кейбір шығармалар үлкен тиражбен басылуы мүмкін, алайда сатылымда өтпегендіктен олар есепке алынбады.
Зерттеуде байқағанымыздай оқылымы ең көп басылым – Інжіл (Библия). Одан кейінгі орынға Мао Цзедунның қанатты сөздері басылған кітап жайғасты. Үшінші сатыдан Джоан Роулингтің «Гарри Поттерін» көруге болады.