Италияда Рождество мен Жаңа жыл мерекесінен кейін індеттің үшінші толқынын болдырмау үшін жаңа шектеулер енгізіледі. Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.
Жаңа тәртіпке сай желтоқсанның 21-інен қаңтардың 6-сына дейін бір аймақтан екінші аймаққа сапар шегуге тыйым салынады. Таудағы шипажайлар жабылады. Осы уақытқа дейін қолданылып келген коменданттық сағат күшінде қалып, Жаңа жыл алдында оның уақыты ұзартылады. Ал ресми дерекке қарағанда Апеннин түбегінде соңғы бір күнде вирустан 993 науқас көз жұмып, індет басталғалы ең жоғарғы тәуліктік өлім-жітім тіркелген. Дертті жұқтырғандар саны 1 миллион 600 мыңнан асты.
- Коронавирусты толық жеңіп шыққанша әлі көп уақыт кетеді. Біз қаңтар айында індеттің үшінші толқынын болдырмау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Әйтпесе бірінші және екінші толққындағыдай көп зардап шегуіміз мүмкін, - дейді Италия премьер-министрі Джузеппе Конте.