Павлодар тұрғыны сап-сау ағасының «еміне» деп 5 млн теңге жинаған
Павлодар тұрғыны сап-сау ағасының «еміне» деп 5 млн теңге жинаған
245
оқылды

Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлердің айтуынша, Павлодар қаласының тұрғыны қалалық тұрғындардан ауыр науқастанған ағасын емдеуге ақша сұраған.

«Ер адам таныстарына ағасының қатерлі ісік ауруына шалдыққанын және емдеуге шұғыл ақша керек екенін айтып ақша алған. Адамдардың мейірімі мен сенімін пайдаланып, бес павлодарлықты алдап, бес миллион теңгеден астам қаржысын алы кеткен»,–деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер ұсталған күдіктінің ағасы бар екенін анықтаған, бірақ ол інісімен біраздан бері хабарласпаған және емделмейтін аурумен ауырмайды. Күдікті алдап-арбау арқылы жинаған ақшаны өзіне жұмсаған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Егер сот күдіктіні кінәлі деп таныса, онда оған мың айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық қызмет көрсету айыппұлы салынады.

Сондай-ақ, аталған бап бойынша мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін.