Елордада бейтаныс адамға шабуыл жасаған үш жасөспірім ұсталды
Елордада бейтаныс адамға шабуыл жасаған үш жасөспірім ұсталды
116
оқылды
32 жастағы астана тұрғыны түнде үйге қайтып келе жатқанда бұзақылар ұрып-соққан, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адамның айтуынша, үш жасөспірім оның соңынан жүріп, оны қасақана төбелеске шақырған, содан кейін ұрып-соғып, жасырынып қалған. Жедел-іздеу шарасы барысында бұзақылар ұсталды. Бейтаныс адамға шабуыл жасаған кәмелетке толмаған үш жігіт полицияға жеткізілді.Сондай-ақ, полицияға кәмелет жасына толмаған балалардың заңды өкілдері шақырылды. Осы факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, балалардың заңды өкілдері де ҚР ӘҚБтК 442-бабы 2-тармағы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Үш жігітті ювеналды полиция инспекторлары бақылауға алды.