Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілуде
Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілуде
455
оқылды

Жиынға қатысушы азаматтар қоғамдық жұмыстарға араласу, жеке кәсіппен айналысу және әлеу­меттік көмек көрсетуге бағыт­талған ұсыныстарын айтып, та­қырып аясындағы пікірлерін орта­ға салды. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қала көлеміндегі мүмкіндігі шек­теулі жандарға көрсетілетін негізгі көмектерге тоқталып, оларға әр­дайым қолдау көрсетілетінін тілге тиек етті.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар­дың қолайлы өмір сүруі үшін олар­дың ұсыныс-пікірлері әрқашан назарға алынуы тиіс. Бүгінгі кез­десудің негізгі мақсаты – осы. «Мү­гедектерді жеке оңалту» бағ­дар­­ламасына және «Кедергісіз ке­лешек» жобасына сәйкес, жыл ба­сынан бері қала және қалаға қа­расты ауылдық округтерде тұ­ратын жандарға тиесілі жан-жақты көмек көрсетілуде, – деді Шәріп Әбдірахманов. Атаулы күн қарсаңында өткен кездесуге қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктер мен қолдауларды, қоғам тарапынан көрсетілетін негізгі қамқорлық бағыттағы жұ­мыстарды жоғары деңгейде деп бағалады. Жиында сөз алғандар мүмкіндігі шектеулі жандарға тие­сілі мәселелерді назардан тыс қал­дырмай, қол ұшын созып жүрген­дерге алғысын жеткізді. Сондай-ақ кездесуге келгендер қайсар жан­дарға тілектестігін білдірді. Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен «Халықаралық мүгедектер күні» 1992 жылдан бас­тап атап өтілуде. Қоғамда мүмкін­дігі шектеулі азаматтардың құқық­тарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс­тарға баса назар аударуды мақсат етеді. Мәселен, Қызылорда қала­сында мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша қаланың ауылдық округ­тері мен кенттерінде аула клубтары, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпараттық-технологиялық сауат­тылығын ашу мақсатында шағын компьютерлік орталықтар өз жұ­мы­сын жалғастыруда. Айта кетер­лігі, Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны – 12 645 адам, оның ішінде 1, 2-топ – 6 202, 3-топ – 4 167 және 2 276 – мүгедек балалар.

Әбілмансұр ЖАСАН