Кәсіподақ жетекшілерімен кездесті
Кәсіподақ жетекшілерімен кездесті
243
оқылды

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалын­да кәсіподақ жетекшілерімен кездесу өтті.

Басқосуға қатысушылар азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселесін талқылады. Алматы қаласының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ­тар бірлестігінің төрайымы, профессор Зәуреш Өмірбаеваның айтуынша, жалпы қала бойынша кәсіпорындардың жұмыс­кер­лерін кәсіподақ мүшелігімен қамту 42,7 пайызды құрайды. – Алматы қаласы бойынша 864 мың жалдамалы қызметкердің 369 мыңы кәсіподақ мүшелері. 2018-2020 жылдар ішінде 14 012 қыз­меткерді қамтитын 79 бас­тауыш кәсіподақ ұйымы құрыл­ды, – деп атап өтті Зәуреш Әбілғожақызы. Аталмыш шараның есеп беру кезеңінде мегаполисте үшжақты қалалық комиссияның 15 отыры­сы өткізілгені анықталды. Онда: жалақыны арттыру, 2017-2025 жылдарға арналған жұмыс күші­нің басқарылатын ағыны бойын­ша жол картасын жасау, банкрот­тық және оңалтушы кәсіпорын­дағы жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі көтерілген.

Әбілмансұр ЖАСАН