Бурабай елдімекенінің тұрғыны төрт әйелді өлтірді
Бурабай елдімекенінің тұрғыны төрт әйелді өлтірді
201
оқылды

Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Бурабай елдімекенінің тұрғыны төрт әйелді өлтірді. Қайғылы жағдай түнде орын алды.

Ақмола облыстық полиция департаментіннің мәліметінше, оқиға 5 желтоқсан, түнгі сағат 00:00-де болған.  Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Бурабай кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде өзі адам өлтіргенін хабарлаған. ⠀ Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының зорлықпен өлтірілген 4 әйелдің денесін тапқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары Бурабай кентінің бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотты болған 28 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.