Қостанайда екі сәби көк түтінге уланып өлді
Қостанайда екі сәби көк түтінге уланып өлді
283
оқылды

Олар көрші ауылдан оралғанда есік-терезеден көк түтін шығып жатқан.

Әке-шешесі бірден балаларды үйден шығарып, шала-жансар күйде ауруханаға жеткізген. Бастапқыда өмірлік белгілері болғанымен дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Сағат 17.15-те нәрестелер ес жимастан өмірден өтті.

Облыстың ТЖМ-нің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 желтоқсанда кешке Денисовский ауданының Фрунзенское ауылында болған. Өрт ауданы 12 шаршы метрлік жатын бөлмедегі жиһаздар мен заттардан шыққан. Сол кезде үйде 4 жасар қыз бен 2 жасар ұл жалғыз болған. Ата-анасы көрші Аят ауылына азық-түлікке кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушелер шықырылмай, жергілікті серіктестік сөндірген. Сарапшылардың болжамынша, өрт балалардың ойнынан шығуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, балалардың өлімі иіс тигеннен болған.