Еріктілерімізді мақтан тұтамын – Қазақстан Президенті
Еріктілерімізді мақтан тұтамын – Қазақстан Президенті
201
оқылды

- Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды. «Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлер жылы деп жарияладым», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қ.Тоқаев еліміз еріктілерін мақтан тұтатынын жазды. «Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!», - деп атап өтті ҚР Президенті.