Оралдың екі тұрғыны такси жүргізушісін ұрып-соғып, көлігін иемденіп кеткен
Оралдың екі тұрғыны такси жүргізушісін ұрып-соғып, көлігін иемденіп кеткен
210
оқылды

Орал полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов айтқандай, 28 қарашада екі ер адам такси жүргізушісін ұрып-соғып, оның Chevrolet автокөлігін ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, Атырау қаласында ұсталды. Олардың екеуі де 21 жаста, бұрын сотталмаған екен. Жігіттер тонағанын мойындап, көлікті сатпақшы болған, - деді Нұрлан Бисенов. Бұл күдіктілердің бірінші қылмысы емес. Оған дейін олар  ВАЗ-2110 автокөлігін ұрлап, осындай10 шақты ұрлық жасаған.

- Күдіктілерден екі автокөлік, аккумуляторлар, кілттер жиынтығы, телефондары тәркіленді. Кейін біз қылмысқа тағы бір сыбайланы анықтадық. Бұл 20 жастағы жас жігіт болып шықты. Олар бір ай бойы ұрлықпен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық шабуыл», ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Нұрлан Бисенов.

Аталған факт бойынша айыптау қорытындысы мен сотқа дейінгі тергеудің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.