Кальян шеккендер жауапкершілікке тартылды
Кальян шеккендер жауапкершілікке тартылды
191
оқылды

Таразда полицейлер кальян шеккен 23 адамды жауапкершілікке тартты.

Polisia.kz-тің  мәлімдеуінше, демалыс күндері жамбылдық полицейлер қоғамдық орындарда кальян шеккен 23 адамға айыппұл салды. 

Сонымен қатар, 27 және 28 қарашасында полиция қызметкерлері Тараз қаласының ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізілді. Нәтижесінде, 19 ойын-сауық мекемелерінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша 23 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 41 670 теңге айыппұл көзделген. Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды тұтынуға тыйым салу туралы ескерту парақтары берілді.