АЭС салу проблемасы: «Бәрі жай сөз жүзінде қалды»
АЭС салу проблемасы: «Бәрі жай сөз жүзінде қалды»
234
оқылды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыста АЭС салу мәселесіне қатысты пікірін айтты.

Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде журналистер Қазақстанда АЭС салу мәселесінің мән-жайын сұрады. «АЭС салу жайы қоғамның қарсылығына ұшырады. АЭС құрылысының жүргізудің бірнеше жоспары болғанынан хабардарсыздар. Алматы облысы Жамбыл ауданы Балқаш көлінің маңына салынады деген болжам да болған. Тағы бірі Шығыс Қазақстан облысында салайық деді. Бірақ салу-салмау мәселесі тек сөз жүзінде қалды. Ешқандай талқылаулар, сапарлар болған жоқ. Соны ашық айтамын», — деді Амандық Баталов.

Көктемде Алматы облысында АЭС салу мәселесін қоғам қызу талқылаған болатын. Соңында Президент Қазақстанда АЭС салынбайтынын айтқан болатын.