6 желтоқсанда еліміздің бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.
6 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Дауыл соғу ықтималдығы 85-90 пайыз.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 23 градусқа дейін аяз сақталады.
6-8 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таразда тұман болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
6 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанайда түнде және таңертең тұман болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.