Бурабай тұрғыны төрт әйелді өлтіргені үшін 15 жылға сотталуы мүмкін
Бурабай тұрғыны төрт әйелді өлтіргені үшін 15 жылға сотталуы мүмкін
203
оқылды

Кісі өлтіруші оларды пышақтап тастап, артынан полиция шақырып, жасаған қылмысы туралы айтқан. Күдікті бірден уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Полиция қылмыс болған жерді мұқият қарап, пәтерден ішімдік шөлмектерін тапқан. Ал қаза болғандардың мәйіттері әр бөлмеде жатқан.

Бірақ қылмыскердің пәтерге қалай кіргенін, оларды не үшін өлтіргені жайында тергеушілер ауыз ашпай отыр.

Бурабай ауылының 28 жастағы тұрғыны бұған дейін ұрлық үшін бірнеше рет сотталған екен. Енді адам өлімі үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.