Тоналған зейнеткер жүрек талмасынан көз жұмды
Тоналған зейнеткер жүрек талмасынан көз жұмды
217
оқылды

Зейнеткерді тонаған қарақшылар Ақмола облысында ұсталды.

Қылмыскерлер қылмысын мойындады. Полицияның мәлімдеуінше олар қарияны тонайтынын алдын-ала ойластырып қойған. Өйткені достарының бірі сол қариядан бұрын пәтер жалдаған екен.  Сондықтан зейнеткердің өмірі жайында бәрінен хабардар болған. Сәті түскен күні қарттың үйіне баса көктеп кіріп, кілтін тартып алған.

Тергеушілер марқұмның денесінен ұрып-соққанның белгілері бар екенін айтуда. Алайда қарақшылар қол тигізбегенін жеткізді. Айтуларынша олар кеткен кезде қария тірі болған. Сараптама болса, зейнеткердің жүрек талмасынан қайтыс болғанын көрсетті.

– Күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы қылмыс жасағанын және жәбірленушінің 150 мың теңгесі мен қол сағатын ұрлап алғанын мойындады. Осы факт бойынша полиция қызметкерлері екі қылмыстық іс қозғады. 104-бапта көрсетілген «Абайсызда өлімге алып келу» және 192-бапта қарастырылған «Қарақшылық» бойынша іс қозғалды, – дейді Ақмола облысы бойынша ПД баспасөз хатшысы Гүлнара Пинчук.