Таразда 7-сынып оқушысын зорлаған күдіктіге қатысты жаңа дерек белгілі болды.
Анығы, ер адам 36 жаста. Оның 19 жыл бұрын ұрлық емес, зорлық үшін істі болғаны анықталды.
«Аталған күдікті 17 жасында зорлау қылмысымен сотты болған. Төрт жыл мерзімін абақтыда, бір жылын шартты түрде өтеген», — деді Жамбыл облыстық ПД басшысы Арман Оразалиев.
Оқиғаның мән-жайын «Мектептегі қылмыс: кінәлі кім?» деп жазған болатынбыз.