Роза Рымбаеваның ұлы қар құрсауынан әрең шықты (видео)
Роза Рымбаеваның ұлы қар құрсауынан әрең шықты (видео)
190
оқылды

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов таулы жолда қар құрсауында қалды. Бұл туралы ол Instagram парақшасына жариялады.

Әнші елге танымал актерлер, блогерлер және журналистермен бірге Түркістанға пресс-турға барған екен. Алайда қайтар жолда тау арасын қар басып қалыпты. Автобус қарға батып кеткен. Амалсыз жолаушылардың өздері көлікті қар құрсауынан босата бастады. Күрек жетпегені қарды қолмен тазалады. Біраз уақыттан кейін құтқарушылар көмекке келіп, автобусты қар құрсауынан алып шықты.

Сөйтіп олар Шымкентке жол тартқан. Негізі сол жерден әркім өз қаласына ұшу керек еді. Бұл жерде де әнші кедергіге тап болды. Оның Нұр-Сұлтанға ұшатын рейісі ауа райына байланысты кейінге шегерілген екен. [embed]https://youtu.be/uE5pK95CauE[/embed]