Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Таразда 7-сынып оқушысы зорлық көрген соң, бірнеше полиция қызметкері жазаланды.
«Тараздағы орта мектепте жасалған қылмысқа байланысты ПУ, ПБ-2, ПБ-2, ПБ-2 ЖПҚ басшыларына, ПБ- 2 ювеналды полиция жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторға қатаң сөгіс жарияланды. Ал мектеп инспекторы ішкі істер органдарынан босатылды», — деп хабарлады.
Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың тапсыруымен арнайы комиссия құрылды.