Қарағанды облысында 8 жастағы ұлды зорлап, видеоға түсірген
Қарағанды облысында 8 жастағы ұлды зорлап, видеоға түсірген
220
оқылды

Қарағанды ​​облысында төртінші сынып оқушылары 8 жасар баланы зорлап, видеоға түсірген.

«Олар бұл азғындықты камераға түсіріп қана қоймай, порноны көруге мәжбүрлеген. Сонымен қатар, қыздардың қатысуымен жыныстық қатынасқа түсуге күштеген. Соңғы 10 күннің ішінде осындай арыздың бұл үшіншісі», – дейді Дина Таңсәрі.

Аймақтың Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл ақпарат полицияда тіркелген.

– Әлеуметтік желілерде осы ақпарат кеңінен таралып жатыр. Сондықтан бұл мағлұмат полицияда тіркеледі. Оған қатысты барлық адамдар анықталып, заңды өкілдердің қатысуымен әңгімелестік. Жәбірленуші тарап дене жарақаттары мен зорлық-зомбылық фактілерін жоққа шығарады. Кәмелетке толмағандардың сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тиісті сараптамалар жүргізілгеннен кейін соңғы процедуралық шешім қабылданады, – деп жауап берді Қарағанды ​​облысы Полиция департаменттің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.