Көші-қон: Майор пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)
Көші-қон: Майор пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)
200
оқылды

Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды.

Антикоррупциялық қызметтің хабарлауынша, параны жеке кәсіпкерден алған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр» делінген хабарламада. 

Тергеу жалғасып жатыр.