Мәнізоров ісі: Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы агенттіктің шағымын қолдамады
Мәнізоров ісі: Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы агенттіктің шағымын қолдамады
218
оқылды

Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің Мәнізоровқа қатысты шағымына байланысты мәлімдеме жасады.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Бас прокуратураның Жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық тергеуді тоқтату туралы шағымды қанағаттандырмағанын айтты.

Бұған дейін Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қылмыстық істі тергеуді тоқтату туралы шешімге шағым түсіргенін айтқан.

Осыған байланысты «Тиісті рәсімдер бар. Егер қылмыс құрамы болмаса, онда шешім қабылданады. Тергеу процесіне ешкім де ықпал ете алмайды. Атап айтқанда, қылмыс құрамы немесе қылмыстық оқиға болмаса, іске нүкте қойылады. Бас прокуратура Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеуді тоқтату туралы шағымын қанағаттандырмады», — деді Марат Ахметжанов.