Ақтаулық келіншек 15 мың теңгеге бағаланған азық-түлікті «Лидер» дүкенінен ұрлаған.
«Батыс» РГК баспасөз қызметі мәлімдеуінше, ол білдіртпестен азық-түлікті кассадан өткізіп, дүкеннен шығып кеткен. Сыртқа шығысымен бірден қаша жөнелген. Оның бұл қылығын байқап қалған патруль күдіктіні бірнеше секундта қуып жеткен.
Тексеру кезінде, қыз халықтың әлеуметтік осал тобына жатпайды екен. Арты осындай қадамға апарарын білместен, қылмысты жасапты.
Ұрлық – Маңғыстау облысында жиі кездесетін қылмыстың бірі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кейде алаяқтар жұмыс іздеуге тырыспайды, көбіне өзгенің есебінен өмір сүріп жүре береді.