ЕАЭО: Инфляцияның ең үлкен өсімі Қазақстанда тіркелді
ЕАЭО: Инфляцияның ең үлкен өсімі Қазақстанда тіркелді
217
оқылды

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы көрсеткіші Еуразиялық экономикалық одақта елдерінің ішінде Қазақстанда тіркелді,–деп хабарлайды LS.

2019 жылдың қазан айында (2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда) баға 5,5% қымбаттады. Статистикалық деректерге қарағанда, бұл деңгей ЕАЭО елдеріндегі ең жоғарғы көрсеткішті көрсетеді.

Сонымен, қазан айында Беларуссияда жылдық инфляция 5,3%, Ресейде – 3,8 %, Қырғызстанда – 2,6%, Арменияда – 0,9% құраған.

Негізінен Қазақстанда бағаның көтерілуі (1 жылда 9,7%) азық-түлік өнімдері қатысты тіркелген. Аталған өсім Беларуссияда – 5,7%, Қырғызстанда – 4,5%, Ресейде – 4,2%, Арменияда – 0,5% деңгейінде.

Бұдан бөлек, азық-түлік емес тауарлар бағасының қымбаттауынан да (5,2%)Қазақстан алға шыққан. Көрсеткіш Беларуссияда – 3,4%, Ресейде – 3,2%, Арменияда – 1,2%, Қырғызстанда – 0,5%.

Жалпы алғанда ЕАЭО елдерінде жылдық инфляция 3,9% жеткен.