Шымкентте жол жөндеген компанияларға полиция 68 рет айыппұл салған
Шымкентте жол жөндеген компанияларға полиция 68 рет айыппұл салған
228
оқылды
Полицейлер жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені және бүлдіріп ластағанын анықтаған деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жыл басынан автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген. Кешенді тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 458 ұйғарым жолданған. Ал мердігер компанияларға 70-ке тарта әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 147 мектептің алдындағы жолдарды зерделеген. Ондағы сызылған жаяу жүргіншілер жолақтарын қайта жаңартқан. Жолдардың инфрақұрылымын дамыту және автокөліктердің кептелістерін азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелерінде үлкен жол айрығын салу жұмыстары жүргізілуде.