Н.Назарбаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Н.Назарбаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
119
оқылды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, – деді Н.Назарбаев.