Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, босанатын жүкті әйелге перзентханаға серіктесін ертіп кіруге рұқсат етіледі. Ол үшін серіктес адамда нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған коронавирустың жоқтығын растайтын ПТР  тест болуы шарт. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына тиісті өзгерістер енгзілді.

«1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:  ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адам Анықтама ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі», - делінген құжатта.

Осы қаулы 2020 жылғы 8 желтоқсанда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Жаңа қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.