Есірткі сатуға көмектескен полицейлерді қандай жаза күтіп тұр?
Есірткі сатуға көмектескен полицейлерді қандай жаза күтіп тұр?
343
оқылды

Депутаттар есірткі саудасына «қамқорлық» жасайтын полицейлер жазаланатынын ескертті.

Ғимараттарда және қоршауларда есірткі жарнамалайтын және насихаттағандарға жазаны күшейтуді ұсынды.

Бас прокурордың орынбасарына сауал жолдаған депутат Мұрат Теміржанов бірнеше мәселені айтты. «Есірткі заттарын жарнамалап, насихаттаумен айналысатындар көп. Қолданыстағы заңнаманы қарау барысында әріптестеріміз осы санаттағы қылмыскерлердің жазасына қатысты өзгертулер енгізуді ұсынды. Біздің ойымызша, заңсыз жарнама мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу — өзекті әрі маңызды мәселе» деді сауалында. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин есірткі жарнамасымен қатар есірткі саудасымен айналысқандарды қолдайтын полицейлерді жазалауды ұсынды.

«Полицей есірткі сататын қылмыскерлермен күресудің орнына, керісінше, қылмысқа қатысы бары анықталса, оны жазалау керек. Ішкі істер органдарынан шеттетіп қана қоймай, бірнеше жылға бас бостандығынан айыру қажет. Кімнің қолдау көрсетіп жатқанын халық біледі...», — деді Нұрлан Нығматулин.