Қазақстандықтардың Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне орай қанша күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтардың Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне орай қанша күн демалатыны белгілі болды
211
оқылды

2021 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл және Рождество мерекелерін атап өтеді. 31 желтоқсан – жұмыс күні болады, - деп жазады uchet.kz.

Ресми демалыс күндері -  2021 жылдың 1,2  қаңтары – Жаңа жыл және 7 қаңтар – Рождество мерекесі.

Сонымен Жаңа жылда бес күндік жұмыс аптасымен 1, 2, 3, 4 қаңтарда; алты күндік жұмыс аптасымен 1, 2, 3 қаңтарда демаламыз, егер сізде сенбі күні жұмыс болса, дүйсенбі 4 қаңтарда жұмысқа шығуға тура келеді.

Қазақстандықтар Рождество мерекесіне орай 7 қаңтарда демалады.  8 қаңтарда қайтадан жұмыс істейді.

9-10 қаңтар – демалыс күндері болып есептеледі (алты күндік жұмыс аптасында  10 қаңтар ғана демалыс болып есептеледі).