СҚО-да тағы 4 ауыл карантинге жабылды
СҚО-да тағы 4 ауыл карантинге жабылды
675
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында тағы 4 ауыл карантинге жабылды. Қатаң шектеу шаралары өңірді «қызыл аймақтан» шығаруға және коронавирус жұқтыру жағдайларының санын азайтуға бағытталған. Жақында ғана шектеулер алынып тасталған елдімекендер де қайтадан карантинге жабылды. Мысалы, Есіл ауданында 7 желтоқсаннан бастап Явленка ауылы, ал 3 желтоқсаннан бастап Ясновка ауылы қайтадан карантинге жабылды. М.Жұмабаев ауданында 4 желтоқсаннан бастап Таман және Успенка ауылдарында шектеу шаралары енгізілді. Сондай-ақ, 9 қарашадан бастап Петропавл периметрі бойынша эпидемиологиялық жағдайды реттеу мақсатында блокпосттар орнатылды. Жалпы, өңірде коронавирус бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 5 аудандағы 11 елдімекенді жабу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін 3 желтоқсанда Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылында карантингее байланысты шектеу шаралары алынып тасталды. Облыста тәулігіне барлығы 68 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, оның ішінде 34 жағдай ауру симптомдарымен тіркелген.