Оралда 13 жасар қызды зорлаған өгей әкенің қылығы әшкере болды. Бұл туралы «Не молчи» қоғамдық қорының Facebook-тегі парақшасында жазылған.
Орал тұрғыны әйелі мен балаларын ұрып-соққан. Өгей қызын 1,5 жыл бұрын азғындыққа итермелеп, зорлаған. Тағы бір күні қатты соққыдан кейін әйелі есінен айырылып қалған. Оны өлді деп ойлаған қызы өгей әкесінен қорқатынын айтып, шындықты жайып салған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі таңда ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.