Банктен 87 миллион теңге ұрлаған күдікті ақшаны 8 несиесін төлеуге жұмсаған
Банктен 87 миллион теңге ұрлаған күдікті ақшаны 8 несиесін төлеуге жұмсаған
212
оқылды

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 87 миллион теңгемен шетелге қашып кеткен банк қызметкері Ресейде ұсталды.

Іздеу нәтижесінде, күдікті Челябіде ұсталған. «Күдікті жалдамалы пәтерде жасырынған. 20 қарашада пәтерде тінту жұмыстарын жүргізу барысында ұрланған ақшаның бір бөлігі, яғни, 58 миллион теңгесі табылды. Қазіргі уақытта ол Челябідегі уақытша тергеу изоляторында» делінген ресми хабарламада. Полицияның айтуынша, ұры қалған ақшамен 8 несиесін төлеген. 

 Тергеу жалғасып жатыр