Сенім мен серпін бар
Сенім мен серпін бар
205
оқылды

«Кедергісіз келешек» пар­тиялық жобасы аясында мүм­кіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылау мақса­тында «Nur Otan» партиясы­ның Алматы облысы Алакөл ау­дан­дық филиалдарында он­лайн отырыс өтті. Онда жыл бойы атқарылған жұмыс­тар жайы талқыланды.

Алматы облысы Алакөл ауда­нында 184 жалғыз­басты қарт пен мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар есепте тұр. Осы азаматтарға 32 әлеуметтік қызметкер үй жағда­йында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Яғни, әр әлеуметтік қызметкерге 5-6 мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтан бекітілген. Әлеу­меттік қызмет­керлер жоғары педа­го­гикалық немесе медициналық мамандығы бар, арнаулы кәсіби даярланған ма­мандар. Әлеуметтік қызмет­кер­дің бақылауымен әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматқа 1 жылға жеке жұмыс жоспары құрылып, осы жоспар бойынша жыл бойы жұмыс атқарылып, жыл соңында қоры­тын­дыланады. Сонымен қатар мұқтаж жандарды үйде арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен қамту үкіметтік емес ұйым арқылы да көрсетілуде. Алакөл ауданын да «Алакөл эко­жүйесі» үкіметтік емес ұйымы арқылы аталған қыз­мет түрімен бүгінде 35 адам қам­тылып отыр. 2020 жылдың 1 қазанында аудан бойынша мүгедектердің саны 1 783 адам, оның ішінде: І топ мүгедекте­рі – 377, ІІ топ мүгедектері – 621, ІІІ топ мүгедектері – 785, жалпы ха­лық санының 2,6 пайызын құрады. Аудандағы зейнеткерлер саны – 8 970 адам. Мүгедектерге көрсететін кө­мектің түрлері кеңейтіліп, әлеу­меттік жәрдемақылар төлемдерімен шектелмей, оларды оңалту, қоғамға интеграциялау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шаралары жаса­лынып жатыр. Мүгедектерді әлеу­меттік қолдау бойынша бөлінген қаржының көлемі жылдан-жылға артып келеді. 2020 жылдың 1 қазанында гигиеналық құралдармен 493 адам, жеке көмекшінің қызметімен – 137 мүгедек, ымдау тілі мамандары­ның қызметімен – 7 адам, яғни 100 пайыз қамтылды. Жұмсалған қаржы көлемі 71 807,6 мың теңге. Техникалық қозғалу құралдары бойынша қамтылғандары – 70, сурдотифлоқұралдар қамтыл­ғаны – 49, санаторлық-курорттық емделу бойынша қамтылғаны – 104, протездік-ортопедиялық құралдар бойынша қамтылғаны – 117 адам. Аудан көлемінде екі «Инва­такси» қызметі жұмыс істеп тұр. Бұл қызметпен І топ мүгедектігі бар 71 азаматтың және 43 мүм­кіндігі шектеулі балалардың 4 454 тапсы­рысы қамтылды. Осы жұ­мыстарға биыл 7 506 мың теңге қаржы қа­ралып, бүгінгі күні 6 875 теңге қар­жы игерілді. «Инватакси» қыз­меттерін көрсетуді жергілікті ат­қарушы органдар Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асы­рады. 2020 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Берен» МҚБ корпора­тивтік қоры жүргізіп жатыр. Жиын соңында Алакөл ауда­нындағы мүмкіндігі шектеулі жан­дардың мәселелері жан-жақты тал­қыланып, бұл бағытта атқары­ла­тын жұмыстар әрқашан партия назарында болатыны айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН