Экскаваторды ұрлап кетті
Экскаваторды ұрлап кетті
173
оқылды

Бұрынғының қарақшылары малды қуып әкететін болса, қазіргінің ұрылары әртүрлі «темір тұлпарды» айдап кетуге әзір тұрады. Көлік ұрлығы құрылыс саласының техникаларына да келді. Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында экскаваторды ұрлай қашқан адамның ұсталғанын мәлім етті.

Қарағанды облысындағы Бал­қаш қаласының полиция бө­ліміне Алматы–Балқаш тас­жолының бойында орналасқан ЖШС ау­мағынан белгісіз біреудің шын­жыр табанды экскаваторды қолды еткені туралы хабар түсті. Ком­панияға келтірілген шығын мөл­шері 15 миллион теңгеге жеткен. Ұрлық демалыс күндері қар­­саңында болыпты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық поли­ция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Нұр-Сұл­тан қаласының 35 жастағы тұр­ғынын анықтап, ұстады. Қазіргі кезде оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» деп аталатын 200-ба­бы бойынша қылмыстық іс қоз­­ғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бапқа сәйкес, қылмыскерлерге 1 мың АЕК яғни 2 млн 778 мың теңгеге дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Ең жоғары дегенде 2 жылға дейiнгi мерзiмге сотталуы ықтимал. Мамандардың айтуынша, құ­­рылыс техникасын жалға беру –  табысты іс. Отандық нарықта оның 1 айға жалға берілуі қо­жайы­нына 3-5 миллион теңге кі­ріс әкеледі.

 Ерік ЕРДЕНОВ