«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша отырыс өтті
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша отырыс өтті
199
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасының «Ден­сау­лық сақтау» бағыты бо­йынша партиялық кура­торлық комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа «Nur Otan» пар­тия­сы Шығыс Қазақстан об­лыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары О.Чугун­ков, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Жұмақанов және комиссия мүшелері қатысты. Партиялық тыңдаудың күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Атап айтар бол­сақ, әлеуметтік желілерде үндеу жарияланған Үржар ау­данының №1 орталық аудан­дық аурухана­сындағы еңбек ұжымы мен меке­менің бас дә­рі­гері арасын­дағы даулы жағ­дай. Сонымен қатар COVID-19 жұқтырған медицина қызмет­керлерінің өтемақылар мен үстемеақылар төлеу мә­селелері және өзге де бірнеше мәселе қаралды. Жиын соңын­да тиісті орындарға тапсыр­малар бе­рілді.

Әбілмансұр ЖАСАН