85,2 миллион шабақ құтқарылды
85,2 миллион шабақ құтқарылды
184
оқылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабар­лауынша, жыл басынан бері  еріктілер су айдындарынан  85,2 млн шабақты құтқарған.

Биыл су қоймасынан, күріш алқабынан балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері мен еріктілер қырылу қаупі бар 85,2 млн шабақты құтқарып қалған. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, Атырау об­лысында – 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда об­лысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде 9,9 млн шабақ құтқарылған. Оның ішінде сазан, ақ­марқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар. Балық ресурсын сақтау бойынша жұ­мысқа  851 адам және 153 техника жұмыл­дырылған. Ихтиологтердің дерегі бойынша, елімізде балықтың 100-ден астам түрі мекен­дейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие болса, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

А.ЖОЛДАС