«Еңбек» бағдарламасының мақсат-міндетін түсіндірді
«Еңбек» бағдарламасының мақсат-міндетін түсіндірді
248
оқылды

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты И.Дмитриева жұмыссыз жастармен «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру мә­селе­лері бойынша кездесу өткізді. Іс-шара барысында депутат жастарға бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндетін түсіндірді.

Кездесуде жұмысқа орналасу мәселесі де айтылды. Сондай-ақ халық қалаулысы жастар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. – «Еңбек» – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстандағы, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық нақты және бізге тәуелді себептерді туындатады. Олардың бірі – ішкі еңбек нарығы туралы ақпараттың толық болмауы. Сонымен қатар жастарға нақты қолдау қажет. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде жастарды уақытша жұмыс күші ретінде емес, болашақ маман ретінде қабылдауы керек. Олар кейіннен өз ісінің маманы болады, – деп атап өтті И.Дмитриева. Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтау арқылы ұйымдастырылды.

А.ЖАСАНҰЛЫ