Полицей енесімен ұрысқан ер адамды жауапқа тартты
Полицей енесімен ұрысқан ер адамды жауапқа тартты
165
оқылды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияға әйелден «Күйеу балам үнемі отбасында жанжал шығарады. Ұрыс-керіс жиі болады» деген хабарлама бірнеше рет келіп түскен.

Бір жыл ішінде учаскелік полицей 41 жастағы тұрғынға жанжал шығарғаны үшін бірнеше рет ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданған.

Сот оның тәртібіне қатысты үш рет ерекше талап қойды. Бірақ күйеу бала мен ене арасындағы ұрыс-керіс бітпеген.

Жанжалдан кейін учаскелік полицей ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 3 тәулікке қамауға алынды.