Тәржіман клубында Harry Potter кітабының аудармасы талқыланды
Тәржіман клубында Harry Potter кітабының аудармасы талқыланды
345
оқылды

Қасиетті қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қашықтан оқыту үрдісіне көшсе де, жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі іс-шарасын тоқтата койған жоқ.

Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасы әдеби аудармашыларды дайындайтын еліміздегі санаулы кафедралардың бірі. Кафедра жанында «TARZHIMAN club»  жас аудармашылар ұйымы 2018 жылдан бері танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, жас талант иелеріне бағыт бағдар берумен белсенді айналысып келе жатқан болашаққа ықпалы зор ұйымның бірі. Ғылыми жетекшісі, ұйымдастырушы – ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мұсалы Ләйла Жұматайқызы. Ол кісінің жетекшілігімен талай-талай шығармашылық сайыстар мен кездесулер өтіп, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі көркем аударма үлгілеріне байланысты айтылған талдаулары мен талқылаулары талай жас буынның ой өрісінің өсуіне шығармашылық шабыт берген еді.

Тәржіман ұйымы 100 кітап жобасы аясында Д. Роулингтің Harry Potter «Хәрри Поттер» әлемдік туындысын қазақ тіліне аударған аудармашылар мен оқырмандар арасында Zoom-платформасында конференция ұйымдастырды.

Конференцияға аудармашы Динара Мазен, Саят Медияр, белгілі редактор Назгүл Қожабек және Steppe&WORLD негізін қалаушы баспагер Райса Кадер қатысты. Қатысушылар туындыны аударудағы басты қиыншылықтар мен аударма ерекшелікетеріне қатысты әңгіме өрбітіп, қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің бір біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктеріне біршама тоқталды. Аудармашылар ағылшын менталитетін қазақ мәдениетіне барынша жақын етіп жеткізудегі еңбектерін айтып өтті.

А.Төнкер, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы