27 мың өтініш келіп түскен
27 мың өтініш келіп түскен
295
оқылды

«Nur Otan» партиясы Түркіс­тан облыстық филиалына қа­расты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2016-2020 жыл­дар аралығында 127,2 мың өтініш келіп түскен.

Сол өтініштерде айтылған мә­се­лелердің басым бөлігі оң ше­ші­мін тауып, қалғандарына консуль­та­тивтік көмек көрсе­тілген. Ал 2020 жылдың басынан бері «Nur Otan» партиясы Түр­кістан облыс­тық филалына қа­расты қоғамдық қабылдау бөл­мелеріне 27 мың өтініш кел­ген. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. Өті­ніштерді қабылдау саны бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр. Қарау нәтижелері бойынша арыз-шағымдардың 16,3 мыңы, яғни 62 пайызы оңтайлы шешілген. Ал 10 мың өтінішке заң аясында кеңестер беріліп, бүгінде оның 111-і қаралу үстінде. Халықтан келіп түскен 26,4 мың арыз-шағымды талдай келе, облыс тұрғындарын төмендегідей мәселелердің маза­лайтыны анықталды. Өтініштердің 61 пайызы қар­жы­лық көмек және Birgemiz қоры арқылы ақша мен азық-түлік себет­теріне байланысты келіп түсіпті. Оның ішінде 12 пайызы прайме­ризге қатысты сауалдар, 9 пайызы әлеуметтік көмекке мұқтаждық, 2 пайызы тұрғын үй-коммуналдық және 2 пайызы жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек­ақы өндіру мәселесіне қатысты жолданған. Ал 14 пайызы – ден­саулық сақтау, білім беру, халықты тіркеу және құжаттандыру, кәсіп­керлікті қолдауға қатысты ша­ғымдар. Арыз-өтініштердің басым бө­лігі, яғни 6 800-і облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен. 2 100-і Сарыағаш аудандық, 2 мыңы Жетісай аудан­дық, 1 900-і Түлкібас аудандық фи­лиалдарына жолданған. Өтініш білдіргендердің басым бөлігі не­месе 9,4 мыңы (35,5%) көпбалалы және толық емес отбасылар болса, 1,8 мыңы (7 %) – жұмыссыздар, 6 мыңы (6%) ерекше қажеттіліктері бар адамдар, 459-ы (2%) зейнет­керлер. Коронавирус індетінің та­ралуы­ның алдын алуға байланысты «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің бұйрығымен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы онлайн режимге ауыстырылған болатын. Биыл 13 наурыздан бері 23,6 мың азамат өтініш білдірсе, оның ішінде әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) арқылы 4,2 мың, WhatsApp мессенджері арқылы 5,4 мың өті­ніш келген. Ал Түркістан облыстық, аумақтық партия филиалдарына жедел желі телефондарына 14 мың­нан астам қоңырау келіп түскен. Сонымен қатар жергілікті мем­лекеттік органдар, департа­мент, басқарма, құқық қорғау органдары басшылары облыстық, аумақтық партия филиалдары ар­қылы 38 көшпелі қоғамдық қа­былдау өт­кізіп, онда 136 азаматтың арыз-өтініші қаралған. 2020 жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпан аралығында барлық бас­қар­ма басшыларының қатысуымен тұр­ғын­дардың арыз-өтініштері бо­йынша «Ашық есік күні» қо­ғамдық қабылдау күндері өткізіліп, 150-ден астам облыс тұрғыны өті­ніштерін білдірген. Келіп түскен өті­ніштердің 67-сі (45%) тиімді шешіліп, 83-іне заң аясында кеңес берілді. 2020 жылдың 13 наурызынан 20 қазанына дейінгі аралықта әкім, әкімнің орынбасарлары, мемле­кеттік мекеме басшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 552 онлайн қоғамдық қабылдау өткізді. Тікелей эфир барысында партия филиалының ресми Facebook, Instagram парақшалары мен аккаунтында өңір тұрғындарынан (сұрақтар, пікірлер мен алғыстарды қоспағанда) 930 арыз-өтініш түсіп, қабылдау барысында 296 арыз-өтініш оңтайлы шешілген. Соңғы 5 жылда облысымызда пар­тия филиалының ұйымдас­ты­руы­мен 22,1 мың қоғамдық қа­был­дау өткізіліп, 43 400 азаматтың мәсе­лесі қаралған. Оның 262-сін Мә­жіліс депутаттары, 5 900-ын мәс­ли­хат де­пу­таттары, 15 900-ын жер­гілікті ат­қарушы орган басшы­лары өткізген. Айта кетейік, бүгінде облыс көлемінде 17 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істеп тұр.

Тельман БЕЙСЕН