Ақтау қаласының 11-шағынауданындағы 41-үйдің тұрғындары өздері тұратын пәтерде әлі күнге жылудың берілмегенін айтып, әлеуметтік желіде шағымдарын жариялады.
Осыған орай «Nur Otan» партиясының мүшесі Е.Жаңбыршин және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған тұрғын үйге тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесіп қайтты. Мәселені шешуге атсалысу мақсатында «Каспий жылу және су арнасы» мекемесінің және 11 шағынаудан ПКСК «Светлана» өкілдері шақыртылды. Партиялық бақылау комиссиясы қызмет көрсетуші ұйымдарға тәулік ішінде сапалы жылумен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Қазіргі уақытта аталған тұрғын үйдегі температура талапқа сәйкес келтіріліп, пәтерлерге толықтай жылу берілді. Партиялық бақылау комиссиясы аталған мәселе облыстық партия филиалының бақылауында болатынын хабарлады.Әбілмансұр ЖАСАН