Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы талқыланды.
Күн тәртібінде азаматтардың мүддесін қорғау жолындағы Жолдауда айтылған ең негізгі тапсырмалар жайы баяндалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет» деп атап көрсеткен болатын. Бұл – демократиялық қағидалар дамуының алғышарты. Осыған орай, халық мүддесіне қызмет ететін құқық қорғау салаларының кәсіби деңгейін көтеріп, реформалар жасау қажет екені де сөз болды.Әбілмансұр ЖАСАН