Ұлттық қор активі 58 млрд долларға жетті
Ұлттық қор активі 58 млрд долларға жетті
229
оқылды

Ұлттық қордың активтері қарашаның соңында шамамен 1,7 млрд долларға ұлғайып, 58 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

«Бұған дейін атап өткенімдей, вакцинаның сәтті болғаны жайлы жаңалықтар, сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялардың тоқсандық есебіндегі оң деректерді қаржы нарығының қатысушылары жылы қабылдады. Нәтижесінде, акциялардың негізгі индекстері біршама өскені байқалды. Мәселен, MSCI жаһандық акциялар индексінің кірістілігі қарашада 12,8 пайыз болды. Ұлттық қордың инвес­тициялық кірісі қарашада 2 млрд долларды құрады, оның ішінде 1,6 млрд доллардан астамы акциялар портфелі есебінен құйылды. 2020 жылдың басынан бастап инвестициялық кіріс шамамен 3 млрд дол­ларға жетті», – деді Мол­дабекова. Бір ғана қараша айында ұлттық қорға 198 млн доллар валюталық пайда түсті.

Ерсайын БАҒДАТ