Кәрі аюға эвтаназия жасалды
Кәрі аюға эвтаназия жасалды
147
оқылды

Алматы зообағының ма­мандары Алькор атты 31 жасар ақ аюды өлтіруге мәжбүр болды. Бұл ақпарат зообақтың Instagram же­лісіндегі ресми парақ­ша­сын­да жарияланды. Онда ма­мандар бұл шараға амал­сыз барғаны жазылған.

«Алькордың жағдайы мүшкіл екенін ха­барлағанбыз. Соңғы 2 айда Ресей, Израиль зо­обақ­тарының ветеринар дәрі­гер­лерімен, EAZA мамандарымен бірлесе отырып, Алькорды ем­деуге барынша күш салдық. Бірақ кәрілікке дауа жоқ. Кейінгі кезде аю жеңсік асынан да бас тарта бастады. Халықаралық зообақтар қауымдастығының ма­ман­дары­мен кеңесіп, бүгін осы бір ауыр шешімді қабылдадық. Алькордың жаны қиналмасын деп вете­ри­нарлар оған эвтаназия жасады» делінген жазбада. Ақ аю Алматы зообағына 1990 жылы 1 жасар қонжық кезінде әкелінген. Бұған дейін зообақ ма­мандары аюдың сырқатына байланысты вольердің әйнек қа­бырғасын жап­қан болатын. Ақ аюлар халықаралық Қызыл кітапқа енген. Қазір әлемде 20 мың ақ аю бар.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ