Мейірім мерекесі
Мейірім мерекесі
5,229
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Болашақ» қорының ұйымдастыруымен ХІІ қысқы салтанатты қайы­рым­дылық кеш өтеді.

Іс-шараның мақсаты – ерекше кү­тімді қажет ететін балаларға қол­дау көрсету. Атап айтқанда, ау­тизм­мен ауыратын балаларды қо­ғам назарынан тыс қалдырмау. Көп­­шілік ортасынан шеттетпей, қа­тар­лас­та­рымен тең дәрежеде білім алу, спортпен айналысуға жағдай жасау.

Бұған дейін өткен қайы­рым­ды­лық кештерінде Майк Тайсон мен Геннадий Головкиннің қолтаң­ба­сы қойылған бокс қолғабы, «Фор­мула-1» жарысының бірнеше дүркін жеңімпазы Михаэль Шу­ма­хер­дің баскиімі, қолдан тоқылған түркімен кілемдері, спортшы Илья Ильиннің спорттық формасы аук­ционда сатылды. Былтыр Илья Ильин мұндай игі бастама қо­ғам­да жаппай қолдау тапса, құба-құп деген ойымен бөліскен еді. «Ма­ған қамқорлық жасау идея­сы ұнады. «Қайырымдылық қо­ры­на не бересің?» деп сұрағанда, медаль­дары­мды сыйға тартсам ба екен дедім. Кішкентайымнан жеңіп алған марапатым өте көп. Бірақ бұл тым қарабайыр болып көрінді. Сондықтан спорттық формамды беремін деп шештім. Форманы 2015 жылы Грозныйда өткен чем­пио­натта киген едім. Спорттық фор­­маларым әр жарысқа арнайы ті­гіледі. Әр чемпионат – мен үшін жеке бір тарих. Осындай үш фор­мам бар. Бірі – Тұңғыш Пре­зи­дент музейінде. Бұрын Лондон Олим­­­пиадасында чемпион болған кезімде өз қолыммен сыйға тарт­қан едім. Екіншісі – Алматыда өт­­кен әлем чемпионатында ки-ге­­нім. Бірақ оның қайда екенін, шы­­­нымды айтсам, білмеймін. Қа­йы­рымдылық шараларына қа­ты­­судан ешқашан бас тартқан емес­­пін. Өмірде бір-бірімізге қол­дан келгенше көмектескеніміз аб­зал» деген еді.

Биыл өтетін шараның ар­тық­­шылығын «Болашақ» қайы­рым­ды­лық қорының басшысы Динара Шайжүнісова айтып берді.

– Қысқы бал – жай ғана кон­церт­­тік кеш емес. Демеушілер мен атымтай жомарт азаматтар, ерік­­­тілердің балаларға жасаған ай­рықша қамқорлығы. Қайы­рым­ды­лық балын өткізуге жанашыр кә­сіп­­керлер, ірі кәсіпорын өкілдері, компаниялар айрықша үлес қосып отыр. Жиналған қаражат «Әрбір бала мектепке баруға лайық» жо­ба­сына және балалардың білім алуы­на жұмсалады. Болашақта аутизмге шалдыққан балалардың жалпы білім беретін мектепте оқуы­­на толықтай жағдай жасағы­мыз келеді. Олардың білім алып, ар­манына қол жеткізуіне көмек­те­семіз. Қайырымдылық – қоғам үшін өте маңызды, – деді Динара Шайжүнісова.

Дәстүрлі қайырымдылық ша­ра­­сы ерекше күтімді қажет ете­тін ба­лалар үшін айрықша кеш бол­мақ.

 

М.БАҚЫТ