Ұлттық волонтерлік желі төрағасы Вера Кимнің мәлімдеуінше, QazVolunteer платформасына 45 мыңнан астам ерікті тіркелген. Платформада жалпы саны 3 мың ұйым бар.
Вера Кимнің айтуынша, платформаға тіркелген еріктілердің жасы әртүрлі. Оларды қоғамға пайдам тисе деген мақсат біріктіріп отыр. Ал платформа республикалық фронт-кеңселерді басқаруға, 17 аймақтағы әртүрлі волонтерлік кеңсенің қызметін үйлестіруге көмектеседі. Волонтер болғысы келген әрбір азамат арнайы қосымшаға тіркеле алады. Ұлттық волонтерлік желі төрағасының дерегі бойынша, пандемиямен күресу үшін барлық аймақтан 123 мыңнан астам волонтер тартылған. 1 миллионнан астам адамға көмек көрсетілген. Негізгі көмек төтенше жағдай кезінде жасалған. Еріктілер көпбалалы отбасыларға, медициналық-әлеуметтік мекемелерге азық-түлік жеткізіп берген. Сонымен бірге Вера Кимнің волонтерлік қызметтің стандарттарын қолдауға қатысты ұсынысы бар. Ол бұл жүйенің ерікті ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесе жұмыс жүргізуінің жаңа әрі сапалы моделін құруға көмектесетінін айтады.А.ЖОЛДАС