«Күзгі блюз» көрмесі ашылды
«Күзгі блюз» көрмесі ашылды
491
оқылды

Қарағандыда бейнелеу өне­­рі музейінде «Күзгі блюз» атты көрме ашылды. Он­да қа­ла­дағы көпсалалы гу­ма­­­ни­тарлық-техникалық кол­леджі студенттерінің жұмыс­тары қойылған.

Экспозицияда сәулет, дизайн, театр және сәндік өнерді зерттейтін тех­никалық бөлім студенттерінің шы­ғармашылық жұмыстары жи­нақ­талған.

Әсіресе, үш дипломдық жұмыс көрмеде негізгі орынды алып тұр. Олар: Жастардың демалыс орта­лығы, Суретшілер үйі, Көрме па­виль­оны. Барлығы Қарағандыда сту­денттер таңдаған нақты учас­ке­лер үшін құрылған. Көрмеде тұр­ғын үйлердің макеттері бар.

– Көрмеге «Идея» атты жұмы­сым­ды әкелдім. Ағылшын жазу­шы­сы Алан Мурдың «V –Вендетта» гра­­фи­калық новелланың кейіп­кер­ле­­рінен шабыттанып жасаған шы­ғар­­мам. Алан Мур комикс жанрын­да көпте­ген шығармаларымен та­ныл­­­ған қа­ламгер. «V –Вендетта» шы­­­ғарма­сы­ның желісінде жұмбақ ре­­волю­цио­нердің өмір тарихы су­рет­­­теледі. Яғни, V – революцио­нер және ол жалын арқылы өзіне тар­­­та­ды. Бір сөзбен айтқанда, идея, фи­­­­л­о­софия арқылы берілген. Осы гра­­­­­­фикалық новелла кейіпкеріне елік­­­­теп, «Идея» атты жұмысым дү­­ние­­ге келді, – дейді дизайн бөлі­мі­­нің 4-курс студенті Андрей Бала­шев.

Аталған көрме облыстық бей­не­леу өнері музейінде осымен екін­ші рет өткізіліп отыр. Бұрын оқу орны базасында және сәулет­ші­­лер үйінде ұйымдастыры­лыпты. Қара­ғанды көпсалалық гумани­тар­лық-техникалық колледжінің ди­рек­торы Алена Павлюк «Күзгі блюз» көрмесін өткізуді дәстүрге ай­налдырсақ деген ойын жеткізді.

«Бұл жерде біздің колледжді біті­рген түлектер мен оқып жатқан студенттеріміздің жұмысы қойыл­ған. Көрмеде архитектура­лық ма­кет­терді, көркем-графи­ка­лық жұ­мыс­тарды, костюмдердің кол­лаж­дары мен эскиздерін тама­ша­лауға болады. Барлығы 40 жұ­мыс қойы­лып отыр»,– деді Алена Павлюк.

Жалпы, көрмеден студент­тер­дің кәсіби дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар Қарағанды жастарының қала мен ауылдың жаңа эстетикалық кеңістігін құруға деген ықыласын байқауға болады.

Сондай-ақ көрмеде сәулет, ди­зайн, графика, кескіндеме, ас­самб­лея, маска, қуыршақ жоба­лары ұсы­нылады.

«Күзгі блюз» көрмесі 3 желтоқ­сан­­­ға дейін жалғасады. Кіру ақысы – 200 теңге.

 

Б.БАЗАР