Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.
Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз -22°С дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман түсуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.
Павлодар облысында қар жауып, боран болады. Түнде батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.