«Қазбат» фильмі көрерменге жол тартты
«Қазбат» фильмі көрерменге жол тартты
410
оқылды

Нұр-Сұлтанда «Қазбат» кө­р­­кем фильмінің тұсау­ке­­сері өтті. Бұл фильмде Қа­­зақ­­стан­ның Ұлттық ұла­ны ел үшін ер­лік көрсеткен ба­­тырларды эк­ранға шы­ғару арқылы қаза болған жауынгерлерге құрмет біл­­­­дірген. Оқиға желісі әс­­ке­ри қызметшілердің тә­жік-ауған шекарасында бі­­тім­­герлік қыз­мет бары­сын­­­да бастары­нан өткер­ген шынайы оқиға­сы­мен өріл­­ген.

Туындыны «АЮ СИНЕМА» кино­компаниясы Қазақстан Ұлттық ұланының қолдауымен жа­рыққа шығарып отыр. 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұт­қиыл­дан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауында қалады. Жаудың күші басым болған ұрыста 17 әскери қызметші оққа ұшып, 33-і жараланған еді. Ауған жағынан ша­буыл жасаған содырлар бір са­ғаттың ішінде Тәжікстан аума­ғына өтіп кетуді жоспарлаған бола­тын. Бірақ оларға қарсы жасал­ған ша­буылдың өте күшті бол­ған­ды­ғынан, бес сағатқа созылған қа­рулы қақтығыстан кейін кері ше­гіну­ге мәжбүр болды.

«Бұл фильмнің ең маңызды мақ­саты – идеологиялық тұрғыдан ер-азаматтардың санасына оң әсер етіп, жас ұрпақты патриоттық се­зімге тәрбиелеу, Отанға деген сү­йіс­­пеншілігін және оның қауіп­сіз­дігіне жауапкершілігін арттыру, ықпал ету болып табылады» дейді идея авторы Қазақстан Ұлттық ұла­нының Бас қолбасшысы Рус­лан Жақсылықов.

Туындының бас продюсері – Да­нияр Ибрагимов, қоюшы ре­жисс­ер – Асқар Ұзабаев, фильм­нің қою­шы бас операторы – Максим Задарновский.

Кинода Дәурен Серғазин, Ри­нат Дошибеков, Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Заки­ров, Индира Шынболатқызы секіл­ді талантты актерлер ел есінен өшпейтін тарихи қанды оқиғаның кейіпкерлерін сомдаған. Фильмнің теледидарға арналған нұсқасы ке­­ле­сі жылы 7 сәуірден бастап, атал­­­ған қарулы қақтығыстың 25 жыл­­­дығына орай Qazaqstan теле­ар­насы арқылы көрерменге жол тартады.

 

Ақбота ӘЛІМ