Шенеунік 1 200 000 теңге пара алғаны үшін 36 миллион айыппұл төлейді
Шенеунік 1 200 000 теңге пара алғаны үшін  36 миллион айыппұл төлейді
207
оқылды

Шалқар жол дистанциясының бастығы пара алғаны үшін сотталды.

Zakon.kz-тің жазуынша, ірі көлемде пара алған басшы өмір бойы мемлекеттік қызметте істемейтін болды.

Ақтөбе облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін хабарлағандай, «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі Шалқар жол дистанциясының бастығы А.К.Каракушиковке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген болатын.

Басшы азаматтан баласын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген еді.

21 қарашада Шалқар аудандық сотының үкімімен аталған тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыра отырып, 36 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.